Жеке гигиена – денсаулық сақтаудағы атқарылатын ережелер жиынтығы. Оған денені, іш киімдерді, киім-кешекті, үйді, тіпті тамақ әзірлеудегі тазалықты жатқызуға болады.
Ұйықтау мен демалу уақытын ұстану маңызды. Ұйқының қанбауы немесе ұйықтайтын мезгілдің реттелмегені ұйқысыздық пен жүйкенің жұқаруына әкеліп соғады. Ал жұмыс пен демалу уақытының бұзылуы еңбекке қабілеттілікті төмендетеді.
Жеке гигиенаның басты аспектісі — күніне екі рет (таңертең және жатар алтында) тіс тазалау болып саналады. Айына бір рет тіс щеткасын ауыстырып, жарты жылда бір рет тіс дәрігеріне қаралуды әдетке айналдыру керек.
Тері күтімі де өте маңызды. Гигиена болу үшін душты таңертең және кешке қабылдау қажет!
Есіңде болсын, отбасы мүшелерінің әрқайсысында жеке орамалы мен төсек жабдықтары болуы тиіс. Төсек жабдықтарын 7-10 күнде 1 рет ауыстырып тұру керек. Жататын төсек орның жайлы болуы керек. Ұйықтар алдында бөлмені желдетіп алып, жатарда киетін киім киген абзал.
МАҢЫЗДЫ: Жеке гигиенаға назар аудармаса, күрделі ауруларға шалдығып немесе хламидиоз, гонорея және т.с.с. жыныстық қатынас арқылы берілетін ауруларды жұқтырып алуға болады.