Ұрпақ жалғастыруға қабілетті денсаулық – бұл өмірдің барлық кезеңінде ұрпақ жалғастыруға қабілетті жүйе ауруларының болмаған кезіндегі толық физикалық, ақыл-ой және әлеуметтік амандық жағдайы. Ал, ұрпақ жалғастыруға қабілетті жүйе – ол бала тууға жауапты органдардың барлығы.
Өзіңнің ұрпақ жалғастыруға қабілетті денсаулығыңды
қалай сақтауға болады?
1. Бала тууға қолайлы жас – 20-35 жас. Егер жүктілік бұдан ерте не кеш туатын болса, ол көптеген асқынулармен өтуі мүмкін екендігі және ана мен бала денсаулығының бұзылу мүмкіндігі дәлелденген. Сондықтан асықпауға тырысыңыз, бірақ бала туу мерзімін де кештетпеңіз.
2. Бала туудағы аралық 2-2,5 жыл болу керектігі ұсынылған, осылайша келесі бала тууға дейін ана денсаулығы қалпына келіп, болашақта туатын бала денсаулығына септігін тигізеді.
3. Өкінішке орай біздің арамызда ауыр ауруларға байланысты жүктілік қарсы көрсеткіш болып келетін әйелдер бар ғой, мұндай жұптар үшін отбасын жоспарлау кабинеттерінің дәрігерлерімен және аурулар бойынша маман дәрігерлермен кеңесіп барып жүктілікті болдыру керек. Отбасын жоспарлау – қалаулы балалардың ғана тууын білдіретін әйел өміріндегі маңызды кезең.
4. Контрацепцияның заманауи әдістерін пайдалана отырып, қаламаған жүктілікті ескертуге болады. Қаламаған жүктілікті ескерту үшін контрацепцияның әр түрлі әдістері қолданылады. Әдісті таңдау әйел денсаулығын жақсартуға және гинекологиялық аурулар қатарын ескертуге, әдіс сенімділігі, сондай-ақ әйелдің контрацептивке деген дербес көзқарасын жақсарту үшін қолдануға болатын контрацептивті емес қасиеттерді есепке ала отырып жүзеге асырылады.
Контрацепцияның қандай әдістері бар? Контрацептивті әдістер ішінен мыналар танылады: гормоналды әдістер (ОК), жатыр іші контрацептиві (ВМС), кедергілі әдіс (мүшеқаптар), химиялық әдістер (спермицидтер), лактациялы аменорея әдісі (емшек емізу) туғаннан кейінгі 6 ай ішінде тиімді.
Жанұяны жоспарламау неге алып келеді? Жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығының қалыптасуына кері ықпал әкелетін факторлар ретінде жыныстық қатынастардың ерте басталуы, олардың арасында жыныстық жолдар арқылы берілетін жұқпалы аурулардың көбеюі (соз, мерез, хламидиоз, трихомониаз, АҚТҚ/ЖҚТБ, гениталды ұшықтар, гениталды сүйелдер), сондай-ақ темекі мен ішімдікке әуестілігі – қоғамымыздың ертеңгі күні дүниеге сау сәби әкелуіне керіғуар процесс. Жас қыздардың жоспарланбаған жүктіліктен жасанды түсік тастауы – болашақ ананың денсаулығына кері әсер тигізері анық. Әсіресе бірінші жүктілікті алып тастаса, бедеулікке алып келу фактілерінің орын алуы мүмкін. Жасанды түсіктен көз жұмған әрбір тоғызыншы адам 15-19жас аралығындағы бойжеткендер, оның ішінде 80% медициналық мекемеден тыс жасалады. Жоспарланбаған жүктіліктен тастанды балалар қоғамымызда әлеуметтік жетімдер санының артуына себепші факторлардың бірі болып отыр. Балалар үйлеріндегі тәрбиеленушілердің 16% тұл жетімдер, 80% әлеуметтік жетімдер, яғни ата-анасы тірі адамдар. Бұл балалардың тағдырын ұрпақтары қайталаса, қоғамда тастанды балалардың саны көбейе бермек.
«Солтүстік Қазақстан облысы бойынша салауатты
өмір салтын қалыптастыру орталығы» ЖШС
валеологы Ақжайық Әлімжанова