Республика бойынша қыркүйек айының бірінен-оныншы жұлдызы аралығында жарақаттың алдын алу онкүндігі орайластырылған.
Жарақаттар – бұл адам ұлпалары мен мүшелерінің зақымдануы, сыртқы себептерден аяқ-қолдың сынуы мен буынның шығуынан, жұмсақ ұлпаның жаралануы мен дененiң сыдырылуынан, мүшелердің зақымдануынан және көптеген басқа жайттердiң әсерiнен ұлпалар мен мүшелер тұтастығы мен қызметiнiң бұзылуы.
Біздің қаламыздағы көшелерде көліктердің көбеюі, тұрмыстық электрлі техникалардың көптеп шығуы, үлкен ғимаратты құрылыстар, қазіргі кездегі балалардың әр нәрсеге тым белсенділік танытуы, осындай жағдайдың тууына әкеледі. Деректердің көрсеткіші бойынша балалардың жарақаты жаз –күз мезгілінде көбейеді. Жоғары технологиялық прогресс және кездейсоқ жағдай бала жарақатын қиын дене бұзылуына, қан кетуге өмірлік қажетті функцияның бұзылуына кейде мүгедектікке, тіпті өлімге алып келетін қайғылы оқиғалармен аяқталуы мүмкін.
Жарақаттың алдын алу үшін кеңестер: Көшеде жолда жүру ережесін қатаң сақта, жолдың белгілерін жатқа біл; Көшенің көлік жүретін жолында ойнауға болмайды; Жалпы қозғалыс көлігінде қол ұстайтын жерді ұста; Жеңіл автокөлікте, артқы бөлікке отыруға тырыс, алға отырсаңыз қауіпсіздік үшін белбеуді салыңыз және есіктің дұрыс жабылғанын тексеріңіз; Егер маңайыңызда су көлшігі болса, сақ болыңыз, үлкендердің қарауында болыңыз; Ағашқа міну, сақтық жоқ құрылыстарда терең жарақат алу қаупі жоғары; Велосипед, роликті коньки және скейтборлар да сырғанау өте қауіпті, сондықтан зейінділікпен қарағаныңыз жөн; Өсімдіктерді, жемістерді, саңырауқұлақтарды білмейтін болсаңыз қозғамаңыз, жемеңіз; Тұрмыстық газ және электрлік құралдарды сақтылықпен ұстаныңыз; Пісетін және кесетін заттармен абай болыңыз; Сереңкемен, от бар жерде ойнамаңыз;
Абай және сақ болыңыздар!
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша
салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы
валеологы Әлімжанова Ақжайық Ботақызы