Домашнее питание способствует_shutterstock_79096006

Таңғы асты тастамаңыз

0 Комментариев

Таңертеңгі асын тастамайтын адамның стресске қарсы тұру қабілеті жоғары болады деп есептейді дәрігерлер. Бұған қоса, таңғы мидың жақсы ден қоюына және ақпаратты есте сақтауына қажет. Дәмді әрі пайдалы ас адамның еңбекке қабілеттілігін шамамен 30 пайызға арттырады. Бұл зерттеулер арқылы дәлелденген. Сондықтан жұмыс күніңіз ауыр болатын болса, үйден жақсылап тамақтанып шығыңыз.
Ал артық салмақ жинаудан қорқатын адамдарға айтарымыз: таңғы асты ішпеу салмақты түсірмейді, керісінше оның артуына ықпал етеді. Бұның мәні мынада: адам ұйықтап жатқанда заттар алмасуы баяулайды да тамақтанған соң ғана «оянады». Осыдан келе, егер таңғы ас ішпесеңіз түскі асқа дейін организміңіз аз калорий өңдейді, ішсеңіз – керісінше. Бұған қоса таңғы қуат көзінен айырылған организм өз-өзін сақтау инстинктін іске қосып, түскі ас кезінде калорияны екі есе артық жинайды. Оның үстіне түсте қарныңыз қатты ашып, шамадан артық жеп қоюыңыз да ғажап емес.
Алайда таңертең жақсылап тамақтануға көбіміздің тәбетіміз бола бермейді. Себебі – кешкі астың тым ауыр болуында және кеш жеуде. Әрине, жатар алдында тойып тамақтанып алсаңыз, таңертең ораза ашу қиынға соғады. Сондықтан кешкі асты ертерек ішкен жөн. Сонда таң атқанша қарныңыз ашып үлгереді.
Өзіңізді таңғы асты ішуге дағдыландырудың тағы бір әдісі – таңғы жаттығу жасау. Әрине, оған уақыт қажет, бірақ бұл сымбатқа да, денсаулыққа сеп әрі тәбетті ашады. Егер уақытыңыз тығыз болса, таңғы асты өзіңізбен жұмысқа ала барыңыз. Жұмысқа жеткенше қарныңыз ашып үлгереді.
Таңғы ас барынша мол пайда әкелуі үшін тағам өнімдерін мұқият таңдау қажет. Сусындардан жидек шырыны, минералды су, бір кесе қантсыз шай немесе кофе қолайлы. Сусын организмді оятуға әрі ас қорыту үдерісін бастауға көмектеседі.
Ең тамаша таңғы ас – ботқа. Кез-келген ботқа – клетчатка (жасунық) көзі. Ол тәніміздегі қалдықтарды сыртқа шығарады, күнделікті желінген майдың сіңірілуін бақылайды. Сүт өнімдерін де назардан тыс қалдырмаңыз. Ал қуырылған жұмыртқа мен шұжықты барынша сирек жеуге тырысыңыз – пайдасы шамалы.
Жадыңызда жүрсін! Таңғы ас біздің организмімізге пайдалы, сондықтан оған жүрдім-бардым қарауға болмайды.

«Солтүстік Қазақстан облысы бойынша салауаттты
өмір салтын қалыптастыру орталығы» ЖШС
валеологы Ақжайық Әлімжанова

Return to Top ▲Return to Top ▲