Тұмаудың алдын алу жолдары

0 Комментариев

тумаудын алдын алу.. Көптеген адамдардың тұмауға деген салғырттықтарының нәтижесінде инфекцияның күшеюіне жол берілуде. Яғни, бұл өз кезегінде тұмаудың тұрақты вирустарын туғызады. Сөйтіп ауа арқылы басқа адамдарға жұғады, жүрек — қан тамырлары жүйесі, жүйке жүйесі, бүйрек және басқа да мүшелер ауруларының асқынуына әкеледі. Тұмау өте құбылмалы және оның құрылымы өзгеріп отырады, осылай тұмау және вирустық инфекциялар жаңа толқынды болады. Ең алдымен «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген қағиданы ұмытпауларыңыз керек. Сақтықта қорлық жоқ дегендей, әрбір адам өз денсаулығына жауап беруі тиіс. Тұмауды алдын алудың жолдары:

  1. Ең тиімді алдын алу әдісі — тұмауға қарсы вакцина, оның ішіндегі ең тиімдісі — тазартылған вириондық вакцина. Алдын ала организмді шынықтыратын емдер жасап, спортпен шұғылданған дұрыс.
  2. Эпидемия кезінде адамдармен байланысыңызды мүмкіндігінше азайтуға тырысыңыз (қоғамдық көліктермен сирек жүріңіз, кинотеатрлар, театрлар, супермаркеттер, вокзал, бала-бақша, мектеп және т.б жерлерге баруды шектеңіз).
  3. Бөлмеңізді, үйіңізді жиі желдетіп, ылғалды түрде жиыстырып қойыңыз.
  4. Мұрныңыздың шырышты қабығына әрбір екі сағат сайын 0,25 пайызды оксалин майымен майлап қойыңыз.
  5. Аскорбин қышқылы мен поливитаминдерді қабылдау арқылы ағзаның қорғаныш қабілетін арттыру керек. Сарымсақ, пияз сонымен қатар құрамында С дәрумені бар өнімдерді көбірек пайдаланыңыз лимон, орамжапырақ, қара қарақат.
  6. Медицина маскаларын немесе мақталы дәке бетпердесін тағыңыз.
  7. Тиімді тамақтаныңыз.
  8. Таза ауада жүйелі түрде серуендеу, денешынықтырумен және спортпен айналысуды қолға алыңыз.
  9. Жеке тазалықты сақтап, қолды жиі жуу.
  10. Мұрын қуысын күніне екі рет сабындап шаю керек. Бұл шара мұрынға ауамен бірге кіретін микробтарды жоюға септігін тигізеді.

Тұмаудың белгілері: адамның денесі дел-сал болып, көңіл-күйі нашарлайды және тағамға тәбеті шаппайды. Бір-екі күннен кейін дене қызуы көтеріледі, басы ауырады, бұлшық еттері сыздап, буын-буыны сырқырайды, мұрны бітеді, дауысы қарлығып, жөтеледі, тамағы қызарып, жұтынғанда ауырады, көзі қызарып жасаурайды. Адам дереу дәрігерге көрініп, емделсе, үш-бес күннен кейін дене қызу төмендеп, сауыға бастайды.

Емі — дәрігердің бақылауында болып, оңаша, ауасы таза бөлмеде жатып емделу. Ауру адам жөтелгенде, түшкіргенде аузы-мұрнын қолымен немесе орамалмен (шүберекпен) жабуға тиіс. Науқастың тек өзіне арналған ыдысы, орамалы т.б. болуға, олар жиі қайнатылып, жуылуға тиіс.

Тұмау вирусы қыздыру кезінде, дезинфекциялау кезінде жойылады. Жыл сайын адам бірнеше рет тұмаумен ауырса, адамның 1 жылын алады екен.

Есіңде ұста! Ауруды емдегеннен гөрі, одан алдын ала сақтанған жөн!

«Солтүстік Қазақстан облысы бойынша салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» валеологы — Ақжайық Әлімжанова

Return to Top ▲Return to Top ▲