tn_207492_1253961e4f4c

Тұмау мен ЖРВИ

0 Комментариев

Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша Қазақстанда 2014 жылы ЖРВИ-дің 765546 оқиғасы және 960 тұмау оқиғасы тіркелген.

Тұмау көбінесе мұрынның, тамақтың, бронхтың және кейде өкпенің қабынуына әкеп соғаты вирустық инфекция болып табылады. Әдетте, ауру бір аптаға созылады. Оған тән белгілерге дене қызуының бірден көтерілуі, бұлшық ет пен бастың ауруы, қатты ауыру (өзі-өзі нашар сезіну), құрғақ жөтел, тамақтың ауыруы және ринит жатады.
Вирус ауруды жұқтырған адам жөтелгенде немесе түшкіргенде бөлінетін ауа-тамшылары арқылы адамнан адамға жұғады. Тұмаудың мезгілдік індет туғыза отырып, тез тарау үрдісі бар.
Індетті жұқтырған адамдардың көпшілігі ешқандай ем қабылдамай-ақ бір-екі аптада айығып кетеді. Алайда, балалар, қарт адамдар және қауіпті ауырумен ауыратын адамдар үшін тұмау қауіпті, ол аурулардың асқынуына, өкпенің қабынуы мен өлім-жітімге алып келуі мүмкін.
Вакцинация — тұмаудың алдын алудың ең тиімді жолы. Вакцинация тұрғындардың барлық топтарына ұсынылады.
Вакцинация әсіресе тұмаудың асқыну қаупі жоғары топтағы адамдарға, сондай-ақ жоғары

ДДҰ жыл сайын келесі топтағы адамдарға вакцинация жасауды ұсынады:
• жүктіліктің кез келген кезеңіндегі жүкті әйелдер;
• 6 айдан 5 жасқа дейінгі балалар;
• 65 жастағы және одан үлкен қарт адамдар;
• созылмалы аурулармен ауыратын адамдар;
• денсаулық сақтау саласының қызметкерлері.

Тұмауды вакцинациялау таралған вирустар вакцина вирусына сәйкес келген жағдайда тиімдірек болады. Тұмау вирустары үнемі ауысып отырады және бүкіл әлемде ДДҰ-ның тұмауды эпидемиологиялық бақылау бойынша ғаламдық желісі (GISN), Тұмау бойынша ұлттық орталықтар серіктестігі адамдар арасында таралған тұмау вирустарына мониторинг жүргізеді.

ЖРВИ және тұмау ауруларын тоқтатудың алдын алу шараларын үш бағытқа бөлуге болады, олар:
— салауатты өмір салтын ұстану және құнарлы тамақтану
— қауіпсіздік шараларын сақтау
— дәрі-дәрмекпен алдын алу

ЖРВИ-дің алдын алу жалпы сауығудан, шынығу, таза ауада дене шынықтырумен айналысу, шаңғы, коньки тебу, жүзу, құнарлы, дәруменге бай тағамды тұтыну, ал қыстың соңы мен көктемнің басында дәруменді, ең жақсысы табиғи дәрі-дәрмектер арқылы иммунитетті көтеруден тұрады.
Спецификалық емес профилактикаға жататындар: қолды сабынмен мұқият жуу немесе залалсыздандыратын құралдармен сүрту, бір реттік сүлгілерді пайдалану; көз бен мұрынды жиі ұстамау; тұтқаны және таяныштарды сирек ұстау; халық көп жиналған орындарға (іс-шаралар, жиналыстар, кездесулер) бармау; қоғамдық телефондарды пайдаланбау; салауатты өмір салтын ұстану; керек жағдайда медициналық бір реттік бет пердені (маска) пайдалану.

Return to Top ▲Return to Top ▲