family_sport

Салауатты өмір салты

0 Комментариев

Салауатты өмір салты дегеніміз — ол дене шынықтыру жаттығулары, дұрыс тамақтану, жеке гигиена, жаман әдеттермен күресу, қыздармен/жігіттермен қарым-қатынас мәдениеті. Бір сөзбен айтқанда, салауатты өмір салты — адамның физиологиялық, психикалық, рухани денсаулығын нығайтуға ба-ғытталған кез-келген әрекет.

Табысты адам үшін өмір сүру деңгейі (молшылық және қажеттіліктерін қанағаттандыру), өмір сүру сапасы (өзі өмір сүретін қоршаған орта, ұлттық қауіпсіздік және басқалар) және өмір сүру салты (адамның немесе топтың мінез-құлығының ерекшелігі) маңызды болып табылады.
Осы үш аспект бір-бірімен тығыз байланысады. Мынаны есте сақтаған абзал: өмір сүру деңгейің өз қолыңда, өмір сүру деңгейіңді сапалы етіп, өмір сүру салтын таңдау өзіңе байланысты. Соның арқасында өзің ғана емес, айналаңда көркейе түседі.
Денсаулық әр адамның ғана емес, тұтас қоғамның баға жетпес байлығы. Туыстарымыз бен жақын адамдарымызбен кездескенде және қоштасқанда оларға мықты денсаулық тілеп жатамыз. Себебі бұл толыққанды және бақытты өмірдің бірден бір шарты. Денсаулығымыздың арқасында жоспарларымызды жүзеге асырамыз, өмірлік маңызы бар мәселелерді шешеміз, қиындықтарды бастан кешіріп жатамыз. Адам баласы денсаулығын күтіп, нығайтса ұзақ әрі белсенді өмір сүрері хақ.
Өкінішке орай, салауатты өмір салтының қарапайым қағидаларын сақтамайды. Кейбіреулері аз қозғалысты жүріс-тұрысы,аз өмір салтын ұстанады,енді біреулері дұрыс тамақтанбайды, біреулері толыққанды демала алмайды немесе демалғысы келмейді. Басым бөлігі әрине темекі тартатындар және ішімдік ішетіндер.Бұның бәрі денсаулыққа кері әсерін тигізеді және ерте ме,кеш пе ауруға душар етеді.Көпшілік ауруға шалдыққан кезде ғана денсаулықты сақтау керектігін еске алады. Сауығып кеткен соң, ауруды алдын алу аурудың асқынуына жол бермеу үшін ешқандай әрекет жасамайды.
Деніңнің сау болуы, белсенді өмірдің қызығын көру мен ұзақ өмір сүру тек қана өзіңе байланысты.

Денсаулығыңды сақтау үшін сенің өмір салтыңа байланысты бірнеше кеңес берейік:

• белсенді ақыл-ой еңбегі;
• ұдайы спортпен шұғылдану;
• көңіліңе жағатын жұмыс немесе хобби;
• жеке көзқарасың/пікірің;
• сүйіспеншілік пен нәзіктік;
• эмоционалды тепе-теңдік;
• дұрыс тамақтану, тәттіні көп жеуді шектеу, газдалған сусындарды аз ішу;
• ұйқының қануы.

Осы кеңестерімізді ұстансаң, сен міндетті түрде бақытты боласың, өмірдің қызығын сезініп, қоғамның белсенді мүшесіне айналасың.

Return to Top ▲Return to Top ▲