semeynie_spori000030

Мен және қоғам

0 Комментариев

Жасөспірім кезіңде өзгелермен қарым-қатынас жасай білудің маңызы зор болады. Дәл сол кезде ұйымдастырушылык, және қарым-қатынастық қабілеттерді дамыту маңызды. Біз сені коммуникация мен тұлғааралық қарым-қатынастың негізгі шарттарымен таныстырып өтеміз.

  • Достық-жақын адамдарыңмен емін-еркін әңгімелесу;
  • Ресми-жұмыс немесе сабақ сияқты ортақ істері бар адамдардың қарым-қатынасы;
  • Шектелген — адамдардың өзара байланыстары жоқ, ашық сөйлесуді талап етпейтін қарым-қатынас;
  • Виртуалды — «қашықтықтағы әңгіменің» бұл түрі адам шынайы өмірде араласа алмайтын немесе араласқысы келмейтін жағдайда қолданылады.
  • Вербалды — латын тілінен аударғанда «ауызша, сөзбеше» деген мағына береді. Адам баласының тұлға ретінде қалыптасып, даму шарттарының бірі болып саналады. Ауызша қарым-қатынас болмаса толыққанды даму мүмкін емес.
  • Вербалды емес — бұл дене тілі, яғни әртүрлі қимыл-әрекеттер, ишара арқылы тұлға туралы мәлімет береді. Адамның өмірге деген көзқарасын немесе оның жеке өмірлік салты туралы ойын өзін қалай ұстағанынан, мүсінінен/ қимыл-әрекетінен байқауға болады.

Кеңес

Ең алдымен адаммен амандасу, оған деген ізгі ниетіңді білдіру керек, өзінің хал- жағдайын, туған-туыстарының жағдайын сұрап болған соң ғана айтатын әңгімеңді бастау керек.

Жағымды пікір қалдырудың жолдары:

  • Еркін әрекет ет, жасанды болма, бірдеңені ойдан шығаруға тырыспа, өтірік бірден байқалады;
  • Өзгелерге қызығушылық таныт. «Өзіңе қалай қарағанын қаласаң, өзгелерге де солай қара»
  • Жақсы тыңдарман бола біл. Ең маңызды нәрсені тыңдауға әрқашан мүмкіндігің бар.
  • Шын көңілден шыққан қолдауыңды білдір. Мақтау — ең мықты ынталандырулардың бірі.
  • Орынмен әзілде. Жақсы әзіл туындап келе жатқан дауды басуы мүмкін. Қарым-қатынас барысында жіберген қателіктеріңнен сабақ ал;
  • Кітапты көп оқы. Дүниетаным кеңдігі — қызықты әңгіменің кепілі.

Байқадың ба, біз «аузыңа ие бол» немесе соған ұқсас ешнәрсе жазған жоқпыз. Себебі, бұл пайдалы кеңестер жиынтығы кез келген жағдайда кез келген ортада септігін тигізуі мүмкін.

Ал мынау жақсы тыңдарманның кішігірім алгоритмі:

  • Өзіңе ыңғайлы қалыпты таңда;
  • Сөйлеп отырған адамға назар аудар;
  • Әңгіме айтып отырған адамның сөйлеу мәнерінің ерекшеліктеріне аса мән берме;
  • Назарыңды сөйлеп отырған адамға аудар;
  • Әңгімесіне немесе сөз сөйлегеніне алдын ала баға берме;
  • Әңгімелесушінің айтқандарын сабырмен тыңда;
  • Сөйлеп отырған адамның сөздерін қайтала;
  • Тыңдау барысын оймен қонымды етіп жоспарла.

Жақындарыңның біреуін мұқият бақылап көр. Сенімен сөйлескен кезде денесін қандай қалыпта ұстайды? Пікірталас кезінде қалай әрекет етеді? Қолын немесе аяғын айқастырып ала ма? Мысалы, қол немесе аяқты айқастыру адамның «тұйықтығын» білдіреді. Яғни, ол әңгімелескісі келмейді немесе қауіптенеді.

МАҢЫЗДЫ: Вербалды емес белгілер бірден байқала бермейді. Кейбіреулерін біз түйсігімізбен қабылдай саламыз, ары қарай миымыз ол (әсіресе «жабық» немесе жағымсыз) белгілерді қабылдап өңдеп алады. Әңгіме барысында денеңді бос ұстауға тырыс, тек шектен тыс босаңсып кетпе, әңгімелесуші үшін «ашық» болуың керек.

Табысты адам қашанда ашық әңгімелеседі және қасындағы адамнан қымсынбайды.

АЛ ҚАЗІР ӨЗГЕ АДАММЕН ӘҢГІМЕ ТЫҒЫРЫҚҚА ТІРЕЛІП, ЖАНЖАЛҒА АПАРЫП СОҒАТЫН ЖАҒДАЙДЫ ЕЛЕСТЕТІП КӨРЕЙІК.

Жетістік = қақтығыстың болмауы.

Жанжал — екі немесе одан да көп тараптардың бір-біріне қарама-қайшы келуі немесе түсініспеушілігі. Жанжалдың пайда болу себептері әр адамның дара және құндылықтары, көзқарастары, әдеттерінің әртүрлі болуына байланысты. Кейде дауласу бір тараптың ойын, пікірін білдіргісі келуінен немесе тексеру мақсатында пайда болады. Дауласудың салдары жағымды (талқылау барысында «ақиқаттың беті ашылады») немесе жағымсыз (достықтың үзілуі) болуы мумкін. Сондықтан, жанжалды жағдайда дұрыс шешім қабылдап, одан шығудың амалын дер кезінде таба білу керек.

Жанжалды жағдайдан шығудың 2 жолы:

  1. Өзіңді қорғау. Бұл ең оңай тәсіл, оны сен байқамай қолдануың да мүмкін. Ең бастысы, ол кезде басқа тараптың мүддесі ескерілмейді және бұл қарым-қатынастың үзілуіне әкеліп соғады. Өзінді қорғауды 3 түрге бөлуге болады:
  • Жалтару — дауласудан қашу арқылы жанжалды болдырмауға болады.
  • Басым болу — жанжалдың себебін жоюға ұмтылу. Бұл да амал емес. Есіңде болсын: қысым көрсетіп, күрескен кезде біз жағдайдан шығудың жолын таппаймыз.
  • Берілу — қарсыласыңа берілу немесе оның ойының/ пікірінің/ сөзінің дұрыстығын мойындау. Қарым-қатынасты бұзып аламын деген қорқыныштан сенің солай әрекет етуің мүмкін. Біле білсең, берілу оң мақсатта септігін тигізуі мүмкін (мысалы, даудың шығуын талқылау үшін уақыт табылады).
  1. Серіктесу. Жанжал ұжымдағы жағымды өзгерістерге әкелуі мүмкін. Әңгімелесушіге мәселені бірге шешуге ұсыныс жасап көр. Егер өзара ымыраға келсеңдер, дауды шешу әлдеқайда оңай болады.

ҚИЫН ЖАҒДАЙЛАР МЕН ДАУДЫ ШЕШЕ БІЛУ — ТАБЫСТЫ АДАМНЫҢ МАҢЫЗДЫ КӨРСЕТКІШТЕРІНІҢ БІРІ!

Дауласу кезінде не істеу керектігі жөнінде бірнеше кеңес берейік:

  • Мұндай жағдайда ең алдымен сабыр сақтау керек. Ашушаң күйде бір де бір мәселені шешу мүмкін емес.
  • Болған жағдайды ой елегінен өткізіп, әңгіменің қай жерінде қателік жібергеніңді түсінуге тырыс.
  • Дау-дамайға байланысты бірнеше көзқарас болуы мүмкін екенін түсінгенің жөн.
  • Өзіңді қарсыласыңның орнына қойып көр және оның әрекеттерінің себептерін түсінуге тырыс.
  • Іс-әрекетіңді сарала. Бәлкім, дау-дамайды өзің тудырған шығарсың.
  • Жақын адамдарыңмен қарым-қатынасты сақтап қалу үшін кейде құрбандыққа баруға тура келеді.
  • Қарым-қатынастарыңды жалғастыру үшін бұл кикілжіңнің қаншалықты маңызды екенін ойланып көр. Көбінесе кикілжің «жоқ жерден» шығады.
  • Мәселені шешудің балама шешімін тауып көріңдер.
  • Бірінші болып қадам жаса. Өз көзқарасыңның қате екенін мойындаудың қажеті жок. Ал осындай кикілжің туындағаны үшін қателіктің өзіңнен кеткенін мойындауға болады және мойындау да керек. Себебі, кез келген даулы жағдайда екі тарап та кінәлі болады.
  • Қарсыласыңа даудың соның кесірінен туындағанын ешқашан айтпа. Өз қателіктеріңді мойындауды үйрен.

Даулы жағдайдан шығудың ең көп қолданылатын тәсілі мынандай:

Әңгімелесушіге ашуын әбден шығарып алуына мүмкіндік беріңіз. Ол тіпті айғайлап жатса да сабыр сақтап тыңдаңыз. Көбінесе көкейіндегісін ашық айтқан адамның ашуы басылып, тынышталады.

Осындай оңай алгоритмді пайдалана отырып, жақсы адам болып қалуға болатынына көзің жетеді,

Әрине, даулы жағдайға тап болған адамның жүйкесі сыр береді.Тіпті жанжал шешілген кездің өзінде, болған оқиға сені біраз уақыт мазалауы мүмкін. Бұны «күйзеліс» деп атайды.

Күйзеліс дегеніміз — ағзамыздың қалыптасқан тыс жағдайдағы реакциясы. Күйзелісті жағымсыз эмоциялар деп те қарастырады. Айта кетерлік жайт, жағымды эмоциялар да күйзеліс болып саналады.

Return to Top ▲Return to Top ▲