навыки управления стрессом каз

Күйзелісті басқару дағдылары және күйзеліске төзімділікті дамыту

0 Комментариев

 

Күйзеліс пен мазасыздық жаңа мекенге көшу, мектепті ауыстыру, ұсақ-түйек кикілжіңдер, даулар, отбасылық қарым-қатынас, ұйқының қанбауы сияқты сыртқы факторлардан пайда болады.

Өмірлік құндылықтар мен көзқарас, берген сөзінде тұру, өзін-өзі бағалау сияқты ішкі факторлар да күйзеліс пен мазасыздықты тудырады.

Бастан өткерген күйзелістен кейін өзіңе келіп, көңіліңнің көншуі үшін саған қарапайым кеңес береміз.

  • Асығыс бір тоқтамға келіп, шешім қабылдама. Есіңде болсын, көп жағдайды сен мамандардың көмегінсіз-ақ өзің шеше аласың;
  • Өзіңе ұнайтын іспен айналыс (мысалы, музыка тыңда), сонда көңіл күйіңнің тез көтеріліп кеткенін байқайсың;
  • Жағымды иісті ванна қабылда. Су шаршағанды басып, күш-қуатыңды қалпына келтіреді;
  • Мүмкіндік болса ұйықтап ал. Ұйқы — жақсы емші;
  • Релаксация техникасын қолданып көр. Тынысыңды бір қалыпқа келтіріп алғаныңда, кәдімгідей жеңілдеп қаласың;
  • Спорт жаттығуларын жасап көр. Спорт күйзелістен арылтып қана қоймай, денеңе қуат береді;
  • Белгілі бір нәрселерге ден қойып көр (мысалы, айналаңдағы әрбір затқа мұқият қарап шық немесе оянғаннан кейін қанша секунд өткенін калькулятормен санап көр). Әлденеге назар аударсаң, көңілің алданады.

Жалпы, әр адам жанжалды жағдайдан шығудың амалын өзі таңдайды. Өзіңді және айналаңдағы жағдайды бақылау қолыңнан келетінін ұмытпағайсың.

Өзіңе-өзің баға беру мен талдау жасау — күйзеліске төзімділіктің негізгі факторлары. Бойыңдағы осы қасиеттерді дамыта түссең кез келген сыртқы жағымсыз жағдайларға төтеп бере аласың.

ЕСІҢДЕ БОЛСЫН, ТАБЫСТЫ АДАМ КҮЙЗЕЛІСТЕН ДЕ ОНЫҢ САЛДАРЫНАН ДА ҚОРЫҚПАЙДЫ.навыки управления стрессом каз

Return to Top ▲Return to Top ▲