Осложнения после ОРВИ педитрия

Егер үйде ЖРВИ ауыратын адам болса

0 Комментариев

ЖРВИ-мен күрес кезінде ауру адамның қоршағандарға жұқтыру қаупін есте сақтау керек. Егер жанұяда ауру пайда болса, оны жанұя мүшелерінен, әсіресе балалардан оқшаулау қажет. Аурудың күтушісі жеке гигиена ережелерін мұқият орындау тиіс. Аурудың бөлмесіне кіргенде, ауыз бен мұрынды жабатын маска тағу керек.

Эпидемия кезінде халық жиналатын орындарға (үлкен дүкендер, кинотеатр және т.б) бармаған жөн. Мектептерде, балабақшаларда және бөбектік ұжымдарда тұмаумен ауырғандарды уақытылы анықтау өте маңызды. Үлкен көмекті мұғалімдер, тәрбиешілер, ата-аналар көрсете алады.
Карантин кезінде мекемелерде, әсіресе балабақшаларда, мектептерде дұрыс санитарлық-алдын алу ережелерін ұйымдастыру керек: балаларды құнарлы, құрамында дәрумендері жеткілікті тағамдармен қамтамасыз ету, қосымша демалыс уақытын ұзарту керек. Бұл бала организмін жақсартуға, инфекцияға қарсы жалпы төзімділікті арттыруға мүмкіндік береді. Респираторлы аурулардың алдын-алу салауатты өмір салтын қалыптастыру жұмыстары үлкен рөл атқарады.

Алдын алу мақсатында майда туралған сарымсақты дәкеге орап, балалардың мойнына іліп қоюға болады, ал кішкентай балаларға бұл дәке қапшығын төсегінің маңына байлап немесе қасына сарымсақ салынған ыдыс қою керек. Фитонцидтер — бактерияларды, вирустарды өлтіріп, олардың өсіп-өнуін жоятын, өсімдіктер қатарындағы биологиялық белсенді заттар. Алдын алу үшін күніне 2 рет 10-15 минуттан пияз бен сарымсақты тану тесіктеріне кезек-кезек искету немесе олардың шырынын сыртқы мұрын жолдарына, ауызға жағу пайдалы. Сонымен бірге пияз бен сарымсақты жеуге болады немесе 2-3 минуттай күніне бірнеше рет шайнау керек. Бірақ бұл әрекеттерді ересектердің қадағалауымен жасау керек.

Есіңізде болсын! Салауатты өміру сүру – аурудың алдын алудың, деніңіздің сау болуының кепілдігі.

Return to Top ▲Return to Top ▲