СҚО дәрігерлері үшін АИТВ алдын алу бойынша семинарлар өткізілді 2017 жылдың 11-12 шілде күндері СҚО «ЖИТС профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталық»КМҚК Петропавлда облыс бойынша босанудың қосымша қызметінің мамандары мен АМСК медициналық қызметкерлері үшін екі семинар өткізді. Аталған іс-шаралар ЖИТС, туберкулез және малериямен қарсы күрес үшін Жаһандық қорының грантын жүзеге асыру үшін бүгінде «ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі республикалық орталық» РЖҚ КМК қолдауы бойынша өтті.
Семинар бағдарламасы екі күнге бөлінді. Бірінші күні кездесу қатысушылары АИТВ-нің анадан балаға жұқтырудын алдын алу бойынша лекциясын тындап, екінші күні АИТВ-мен өмір сүріп жатқан адамдардың дискриминациясы мен стигманың алдын алу бойынша айтылды. Екі күн
ішінде 22-ден астам тар тақырыптар қозғалды, сонымен қатар АИТВ жұқтырылған аналардан тууылған нәрестелерді еміздіру және осындай балаларды клиникалық-лабораториялық бақылау.
Іс-шара спикерлері ЖИТС профилактикасы және оған қарсы күресі облыстық орталығының бас дәрігердің емдеу жұмыстары жөніндегі орынбасары Б.З.Ыбраев пен орталықтың емдеу бөлімінің меңгерушісі О.И.Шилкина болды.
Берик Закирьянұлы Ыбраев айтып кеткендей, АИТВ-мен күресуде әртүрлі мамандырылған медициналық қызметкерлердің бірлесуі үшініс-шараның маңызы зор.
— Осындай семинарлар профильді емес дәрігерлер үшін үлкен көмек, өйткені уақыттың аздығынан көптеген дәрігерлердің АИТВ алдын алу сұрақтары бойынша біліктілігін арттыру мүмкіндігі бола бермейді. Ал осындай семинарлар арқасында біздің әріптестерімізде алдын ала алған ақпаратты қайта жаңғырту, сонымен қатар көптеген жаңа ақпаратты білуге, АИТВ алдын алу бойынша өзекті мәселелерді көтеруге және оларды шешу бойынша тәжірибемен алмасуға мүмкіндігі туады. Лекцияларды облыстың және қаланың медициналық орталықтың 40 қызметкері тыңдыда. Семинардың соңында оларға сертификаттар табысталды.