dark_hand_smoke_64536_1400x1050

Денсаулық сақтау министрлігі ескертеді…

0 Комментариев

Денсаулық сақтау министрлігі ескертеді: темекі шегу Сіздің денсаулығыңызға зиянды. Сіз білесіз бе?

  • Автомобильдің шығарым газымен салыстырғанда темекі түтіні уытты заттармен 4 есе көп ластанған
  • Ерлері темекі шегетін әйлердер темекі шекпейтін ерлері бар әйелдермен салыстырғанда 4 жыл кемірек өмір сүреді. Пассивті темекі шегу өкпе обыры қаупін 10-30% өсіреді
  • Күніне 20 сигарет шегетін адам санитарлық нормадан 580-1100 есе асатын ластанған ауамен дем алады
  • Егер адам 15 жастан темекі шегуді бастаса, оның өмірінің ұзақтығы 8 жылға кемиді
  • 15 жасқа дейін темекі шегуді бастаған адам 25 жастан кейін бастағандардан 5 есе жиі обырдан көз жұмады
  • Темекі шегетін қыздар мен бозбалалардың артериялық қысымы темекі шекпейтіндерден 3 есе жоғары болады
  • Темекі шегетін адамдардың есту қабілетінің ішін-ара жоғалуы темекі шекпейтіндерден 3 есе жиі болады
  • Шеккен 1 сигарет көру бұрышын және түсті диапазон өткірлігін 20% шектейді
  • Темекі шегетіндерде асқазан ойық-жарасы жиі болады
  • Сигареттің құрамында болатын улы заттар қанды тұтқырлы қылады, қанды денешіктер жабысып уақыт өте қан жолдарын бітейді. Қан жолдарының атеросклерозы пайда болады. Оның салдарынан миға қан құйылу және кенеттен өлім болуы мүмкін
  • Темекі шегу – онкологиялық аурулардан 30% және өкпе обырынан 90% өлім жағдайлардың себебі
  • Темекі шегушіде стенокардия, өкпе эмфиземасы, созылмалы бронхит, белсіздік және басқа аурулардың даму мүмкіндігі жоғары болады
  • Әрбір сигареттің құрамында 1,9 миллиграмм никотин бар. Егер темекі шегуші күніне 1 қорап (20 сигарет) шегетін болса, бір жылда бұл заттың 12,8 грамы
  • Никотин – психо белсенді химиялық зат
  • Никотин – бас миының орталығына әсер етеді, бұл темекі шегшушіні қайта темекі шегуге тартады
  • Никотин адамды толық жаулап алады
  • Никотин ағзаға түсүін тоқтатқан кез де темекі шегушіде ауырсындыратын жойылу синдромы дамиды
Return to Top ▲Return to Top ▲