Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясатының басым бағыттарының бірі – онкологиялық аурулармен күрес. ҚазОжРҒЗИ-дың мәліметтері бойынша 2014 жылы республикада қатерлі ісікпен аурушаңдылық 100 мың халыққа шаққанда 198,7-ні, өлім-жітім 100 мың халыққа шаққанда 93,9-ті құрады.
Дүниежүзілік обырға қарсы күрес күні Халықаралық обырға қарсы одақ бастамасымен жыл сайын 4 ақпанда аталып өтеді. 2016 жылы ол «Біздің қолымыздан келеді! Менің қолымнан келеді!» ұранымен өтеді. Аталған ақпараттық науқан ғаламдық обыр індетін азайтуға, жеке адамға, отбасы мен қоғамға онкологиялық аурудың әсерін төмендетуге арналған шараларды қабылдау мүмкіндік беруі қажет.
Дүниежүзілік обырға қарсы күрес күні және онкологиялық аурулардың алдын алу мен ерте анықтау жөнінде республикалық онкүндік обыр, оның алдын алу шаралары мен ерте анықтау мүмкіндігі туралы хабардарлықты арттыру жөнінде күшті жұмылдыруға мүмкіндік береді.
Ақпараттық науқан шеңберінде обырдың даму қаупі мен онкологиялық ауруды ерте анықтау мүмкіндігі, ақпараттандыруды арттыру, темекі мен темекі түтінінен азат ортаны қамтамасыз ету, жұмыс орнында үйлесімді тамақтану факторларына аса назар аударылады.
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Салауаты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығының мәліметінше 2015 жылы республикада нысаналы топтағы ересек тұрғындарға 6238087 скринингтік тексеру жүргізіліп, онкологиялық скрининг шеңберінде 2 364 263 адам тексерілді, алғаш рет қатерлі ісіктің 2 мыңнан аса оқиғасы анықталды.
Заманауи медицина аурудың алғашқы сатысында жетістікке жетуге мүмкіндік беретін обырдың алдын алу, диагностикалау мен емдеудің күшті әдістерін атқарады. Қатерлі ісікті ерте диагностикалау мен профилактиканың аса тиімді әдістерінің бірі халықты профилактикалық медициналық қарау.
Денсаулықты сақтауда, өмір сапасын жақсартуда, ауруды басқаруда басты рөл «Денсаулық мектептерінде» өзін-өзі бақылау, өзіне-өзі көмектесу, өзін-өзі басқару қағидаларын үйренген, денсаулық сақтау дағдыларын игерген және өз денсаулығының жақсартуға аса жігерлі белсенді пациентке тиесілі. Пациент пен әр медицина қызметкерінің серіктестік қарым-қатынасы да маңызды.
Профилактикалық шаралар ғаламдық обыр індетін төмендетудің экономикалық аса тиімді және тұрақты тәсілі болып табылады.
Дүниежүзілік күн мен онкологиялық аурудың алдын алу және ерте анықтау бойынша республикалық онкүндіктің мақсаты — онкологиялық аурудың індетін төмендетудің ғаламдық мәселесіне жұрттың назарын аудару, онкологиялық аурулардың алдын алу мен ерте анықтау жөнінде республика халқының, медицина қызметкерлерінің халықты скринингтік тексеруден уақытында өтудің қажеттілігі туралы ақпараттандыру.