The boy is doing a test for diabetes. Photo isolated on white background

Балалардағы қант диабеті пайда болуының қауіптілік факторлары

0 Комментариев

Қант диабеті – бұл қандағы қант деңгейінің (глюкозаның) созылмалы түрде көтерілумен сипатталатын ауру. Қант диабеті балалардағы барлық эндокриндік аурулар арасында бірінші орынды алады. Балалардағы қант диабеті салыстымалы түрде өткір және тиісті емдеусіз, тәртіптегідей ауыр жағдайда біртіндеп күшейіп барып дамиды. Балалардағы диабеттің мұндай дамуы бала организмінің тез өсуіне байланысты және заттектер алмасуы жағдайының күшеюмен сәйкес болады.
Балалардағы диабетті диагностикалау аурудың белгілерін анықтау және қаңдағы инсулин мен глюкозаның концентрациясын анықтауға негізделген. Балалардағы қант диабетін емдеуде диетаны қадағалау, тұлғалық жүктемелерді мөлшерлеу, инсулин препараттарымен емдеу қоса енгізіледі.
Балалардағы диабет дамуының қауіптілік факторлары
Балалардағы қант диабеті ауруының дамуына мүмкіндік туғызатын бірқатар қауіптілік факторлары бар. Бір немесе бірнеше қауіптілік факторларының бар болуы баланың қант диабетімен ауыру мүмкіншілігін жоғарылатады.

Балалардағы қант диабеті болуының қауіптілік факторлары:
• қант диабетімен ауыратын аналардан туылған балалар
• ата-анасының екеуі де қант диабетімен ауыратын балалар
• вирустық жіті аурулармен жиі ауыру
• бала туылғандағы салмағы 4,5 кг артық болуы
• заттектер алмасуының басқа бұзылулары (гипотиреоз, семіздік) бар болуы
• иммунитеттің төмендеуі

Балалардағы қант диабетінің белгілері, үлкендердікі секілді болады:
• шөлдеу
• салмақтың төмендеуі
• зәр шығарудың шамадан тыс көп болуы (тәулігіне 2-3 л)
• инфекцияның ауыр жағдайлары
• қатты шаршау, бір нәрсеге назар аудара алмаушылық

Ата-аналар балалрдағы қант диабетін анықтау үшін айқындалған мұндай күрделі белгілерді үнемі байқай бермейді. Күрделіктерге қарамайөақ баладағы диабет белгілерін айқындау үшін, ауруды анықтауды жеңілдететін сипаттамалық белгілер бар. Мысал үшін, диабеттің маңызды белгілерінің бірі түнгі несептің ұстамауы (энурез) болып табылады.
Қант диабетімен ауыратын балаларда ауырмайтындарға қарағанда несеп бөлінуі 2-4 есе көп болады. Сонымен бірге қант диабетімен ауыратын балаларда терінің зақымдалуы (фурункулез) тері қышымасы және т.б.аурулар жиі болады. Емшектігі балаларда қант диабеті ас қорытудың бұзылуы (диарея, іш қату, құсу) секілді мазасызданулармен бірге жүреді.
Диабетпен ауыратын нәресте емшекті ұзақ сорады немесе суды көп ішеді.
Тәтті несептен іш киімдер мен жаялықтар қатты, қытырлақ болады.
Осы белгілер орташа немесе ауыр жағдайда өтетін қант диабетінде жиі бақыланады. Қант диабетімен жеңіл түрде ауыратын балаларда ешқандай шағым немесе ауру белгілері болмауы мүмкін және диагнозды қандағы және несептегі қант деңгейін анықтау негізінде қояды.

Return to Top ▲Return to Top ▲