Балалар жарақаттанушылығы

0 Комментариев

Балалар жарақаттанушылығы — тек қана балалардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіріп қана қоймай, ата-аналар мен туыстарының уайымдауына әкеліп соқтыратын үдемелі әлеуметтік мәселелердің бірі. Балалар жарақаттанушылығының артуы тұрмыста және көшеде машина техникаларының үдемелі шоғырлануына байланысты елдің индустриалды тез дамуымен, ғылыми-техникалық төңкеріспен, қалаларда халықтың тығыздығымен түсіндіріледі.
Балалар көбіне үйде және көшеде жарақаттанады. Қалалық көлікке, мектептегі оқиғаларға, спортпен айналысуға қатысты жарақаттанушылық азырақ, ал улану мен суға кетіп қалу одан да сирегірек байқалады. Жарақаттың ең қауіпті үш түрі: тұрмыстық, көлікке соғылу және суға кету.
Жарақаттанушылық көбіне төменгі сыныпта оқитын балалардың (жетіден он жасқа дейін) мектепке өздігінен барғанда және демалыс уақытын өткізгенде кездеседі. Ұл балалар қыз балаларға қарағанда жиі жарақаттанады (3:1). Бұл балалардың ширақ, батыл, өжет болуымен түсіндіріледі. Жарақаттану көлемі балалардың далада көп уақыт өткізетін мамыр және маусым айларында ұлғаяды.
Балалар жарақаттанушылығын бес үлкен топқа бөлуге болады.
Ерекше назар жарақаттың жалпы көлемінен 65,6 % балалар зақымданушылығына және 97 % өлімді құрайтын тұрмыстық, көліктік үш жарақат тобына аударылады. Көліктік жарақаттанушылық пен суға кетіп қалу жарақаттанушылықтың 5,5 % және өлім жағдайларының 53 % құрайды. Дәл осы топтар алдын алу шараларын жоспарлаған кезде ерекше назар аударуды талап етеді, бірақ басқа топтарға да назарды азайтуға болмайды. Еңбекке қабілеттіліктен айрылудың жоғарғы салыстырмалы салмағы көз жарақаттарынан, жарылыстан, күйіктен, көліктік және тұрмыстық зақымдардан келеді.
Балалар жиі уланатын қауіпті қышқылдар мен сілтілер тұрмыста пайдаланудан алынуда. Есесіне тұрмыстық химияның қаншама қауіпті препараттары, қалада және ауылдық жерлерде зиянкестермен күреске арналған құралдар пайда болды. Үйде тек қана сәбиді ғана емес, жасөспірімдерді қызықтыратын әр түрлі жақсы қапталған дәрілік заттардың үлкен көлемі сақталуда. Қала көшелерінен троллейбустар алынып тасталды, олардың орнына жолға қауіпті жеке меншік машиналар ағыны келді. Мина, гранат және снаряд жарылыстарынан болатын жарақаттар саны азайды, бірақ бұл жарақаттың түрі толықтай жоғалған жоқ: балалар ересек достарының көмегімен шиті мылтықты, жарылғыш заттарды және басқа да дәрімен атылатын техникаларды қолдан жасайды. Үйді жөндеу кезінде пайда болатын әр түрлі қуатты тұрмыстық электр аппаратурасынан пайда болатын электрмен жарақаттану жағдайлары көбеюде. Тұрақты қауіп төндіріп өлім-жітімге әкеліп соғатын судағы жазатайым жағдайлар көрсеткіші 8-ден 40%-ды құрайды.
Өлім жағдайларының 40%-ға жуығы баланың алғашқы төрт жылдығына келеді. Соңғы жылдары өлім жағдайларының пайыздық көрсеткіші бойынша бірдей бөлінеді. Көбіне көп балалар бас сүйегі зақымынан қаза болады (30 %). Ішкі ағзалар жарақатынан (16 %), көп жарақаттанушылықтан (16 %), күйік және электр жарақатынан, уланудан (14 %) және суға кетуден (25 %).
Балалар жарақаттанушылығының алдын алуды мынадай іс-шаралар көмегімен өткізу қажет: әкімшілік — қалаларды, көшелерді ретке келтіру, балабақшалардың жеткілікті болуы, жолдардың анық көрінуін реттеу, балалар және спорттық алаңдардың жабдықталуы, мектептерде ұзартылған күн топтарының болуы; тәрбиелік — насихаттық — балалар жарақаттанушылығы себептерін талдау, балалардың көшедегі тәртіптері ережесін оқыту және дағдыларын қалыптастыру, көшелік және тұрмыстық жарақаттардың қауіптілігін жүйелі түсіндіру, мектепте бар көрнекі оқу құралдарын пайдалану. Баланың кез келген жарақат түрінен қаза болу жағдайларын балалар ұжымында жиі талдау қажет. Балаларға плакат, ашық хат, мультфильмдерден қарағанда, өздерінің құрдастарының өлім жағдайлары туралы баяндау үлкен тәрбиелік ықпал етеді. Мектептерде әр жазатайым оқиға оқушылармен сыныптарда, ата-аналармен жиналыстарда мақсатты талқылануы қажет.
Травматолог дәрігер А.Т.Жағыпаров

Return to Top ▲Return to Top ▲