Вирустық гепатит туралы нені білу қажет

0 Комментариев

Гепатит вирусы адамзаттың денсаулығы үшін негізгі қауіпті факторлардың бірі болып есептеледі. ДДҰ-ның мәліметтері бойынша гепатит әлемде екі миллирдқа жуық адамды, яғни ғаламның әрбір үшінші тұрғынын зақымдаған. Кейбір елдерде А вирустық гепатитімен халықтың көп бөлігі ауырған, ал тұрғындардың оныншы бөлігі В және С вирустық гепатитін тасымалдаушы болып табылады.

  • А гепатитінің вирусы

А гепатитінің вирусы инфекция жұқпаған (немесе вакцинацияланбаған) адам инфекция жұқтырған адамның нәжісімен ластанған азық-түлік немесе суды тұтынған кезде таралады. Ауру қауіпсіз тағам мен судың, тиісті санитария мен жеке тазалықтың жоқтығына тығыз байланысты, сондықтан оны ас қолдың ауруы деп атайды.

  • В гепатитінің вирусы(бұдан әрі — ВВГ)

В гепатитінің вирусы ауру жұқтырған адамның ағзасындағы қанмен немесе сұйықтықпен, сондай-ақ адамның иммунтапшылығы вирусымен (АИТВ)байланыс кезінде жұғады. Дегенмен ВВГАИТВ-ға қарағанда 50-100 есе жұқпалы. В гепатиті вирусының басты жұғу жолдары:

— босану кезінде анадан балаға (перинаталдық жұғу);

— баладан балаға;

— қауіпті инъекция және қан құю арқылы;

— қорғаныссыз жыныстық қатынасқа түскенде.

Әлемде ауру көп жағдайда анадан балаға, баладан балаға (әсіресе отбасында) және залалсыздандырылмаған инелер мен шприцтерді қайтадан қолданған кезде жұғады. В гепатитіне қарсы вакцинаны кеңінен қолданғанға дейін дамушы елдердегі барлық балалар осы вирусты жұқтырған.

  • С гепатитінің вирусы

C гепатиті вирусы:

— инъекцияға арналған құралдарды ортақ қолданған жағдайда инъекциялық есірткілерді тұтынудың нәтижесінде;

— медицина мекемесінде құралдарды қайтадан қолданғанда немесе медициналық қраодарды, әсіресе шприцтер мен инелерді жеткілікті залалсыздандырмағанда;

— тексерілмеген қан мен қан өнімдерін құйғанда.

— жыныстық қатынас  арқылы және науқас анасынан оның баласына жұғуы мүмкін;

С гепатиті ана сүті, азық-түліктер, су немесе қауіпсіз байланыстар, мысалы құшақтасу, сүю және азық-түліктер мен сусындарды ауру жұқтырған адаммен ортақ тұтынғанда жұқпайды.

  • Е гепатитінің вирусы

Е гепатитінің вирусы ауыз судың нәжіспен ластануының салдарынан ең басты нәжісті ауыз арқылы жұғады. Е гепатитінің қауіпті факторлары нашар санитариямен байланысты, оның нәтижесінде ауру жұқтырған адамның нәжісіндегі вирус ауыз сумен жабдықтау көзіне түседі.

Нұсқаулар:

— Таза суды қолданыңыз

— Қауіпсіз азық-түлікті тұтыныңыз

— Жеке тазалық ережесін сақтаңыз

— Косметикалық шараларды арнайы мекмелелерде жасатыңыз

-Күмәнді тату, пирсинг салондар, шаштараз, сұлулық салоны, барбешоптарды айналып өтіңіз

— Сенімді мамандарға ғана жүгініңіз және барлық құралдардың сіздің көзіңізше өңделіп қапталғанын талап етіңіз.

— Есірткілерді тұтынбаңыз

— Қауіпсіз жыныстық қатынасқа дағдыланыңыз

— Гепатитке қарсы уақытылы вакциналаудан өтіңіз

— басқа адамдардың биологиялық сұйықтықтарымен, оның ішінде қанмен байланыстан аулақ болыңыз

Вирустық гепатитті ерте диагностикалау (уақытында қан тапсыру) аурудың асқынуы мен вирустың жұғуының алдын алатынын атап айту МАҢЫЗДЫ

Гепатит туралы деректер

* Әлем бойынша 2 миллиардқа жуық адам бір кездері В гепатитін жұқтырған, ал  240 миллионнан аса адам В гепатиті вирусы тудырған бауырдың созылмалы ауруынан зардап шегеді.

* Әлемде 150 миллионнан аса адам С гепатиті вирусын таратушы; осы вируспен байланысты аурулардан жыл сайын 350 000 адам қаза табады.

* B гепатиті қан және ағзадағы басқа сұйықтықтар арқылы жұғады. Көбінесе қан құйған кезде залалды шприцтер, жыныстық қатынас арқылы, босану кезінде вирус жұқтырған анадан балаға, гепатит жұқтырған отбасы мүшесінен тығыз байланыс арқылы жұғады.

* Гепатиттің алғашқы белгілері тұмауға ұқсайды: шаршау, буындардың ауыруы, қалтырау. Кейде жүректің айнуы, сарғаю, іштің ауыруы болады. Дегенмен пациенттердің көбінде анық белгілер болмайды. Белгілердің болмауынан жіті гепатитті  уақытында сирек анықтайды. Бірақ жақындарыңа жұқтырып алмау үшін өзіңде аурудың бар-жоғын білу қажет.

* B гепатиті АИТВ-ға қарағанда 100 есе жұқпалы.

* С гепатиті В гепатитіне қарағанда жазылады және көп жұқпайды. Бірақ оған қарсы екпе жоқ. В гепатитіне қарсы дәрі жоқ, бірақ тиімді екпе бар.

* B гепатитіалғаш жұқтырған 6 ай ішінде жіті болып есептеледі. Ауру жұқтырған 10 ересектің 9-ынды жіті В гепатиті жұқтырғаннан кейін алғашқы 6 айда өздігінен жазылады. Ал басқаларында созылмалы түріне ауысады.

* С гепатиті өздігінен сирек жазылады, ал емдеусіз шамамен 80% дерегі созылмалы түрге айналған.

* Созылмалы В гепатиті анықталғаннан кейін алғашқы 5 жыл ішінде бауыр циррозы мен обырына шалдықтыруы мүмкін.

* Егер C гепатиті созылмалы түрге ауысса, онда 15-30 жылдан кейін бауыр циррозы мен обырына алып келуі мүмкін.

* Егер С гепатитінің вирусы анықталса, оның  генотипі мен вирустық жүктемесінің деңгейін анықтау дұрыс ем жүргізу сызбасын таңдауға мүмкіндік береді.

* Созылмалы В гепатиті емделмейді, бірақ бақылауда ұстауға және аурудың тежеуге болады.

Ермек САНДЫБАЕВА

Return to Top ▲Return to Top ▲