Кiм ӘМСК-ғa жарна төлемейді?

0 Комментариев

Кто не будет перечислять взносы в ФСМС
Олар үшін жарналарды мемлекет жүзеге асыратын адамдар (ҚР Заң жобасы бойынша)

1) балалар;

2) жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар;

3) жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;

4) іс жүзінде үш жасқа толғанға дейінгі баланы (балаларды) тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адамдар;

5) бала (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтімі бойынша демалыста отырған адамдар;

6) 18 жасқа дейінгі мүгедек балаға күтімді жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар;

7) зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары;

8) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде (қауіпсіздігі ең төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан адамдар;

9) тергеу изоляторларындағы адамдар;

10) жұмыс істемейтін оралмандар;

11) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар;

12) мүгедектер;

13) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының күндізгі оқу бөлімінде оқитын адамдар;

14) оқуды аяқтағаннан кейінгі келесі күнтізбелік үш ай ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының күндізгі оқу бөлімінде оқуын аяқтаған адамдар.

ОЛАР ҮШІН ЖАРНАЛАРДЫ МЕМЛЕКЕТ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН АДАМДАР САНАТЫ МЫНАДАЙ АДАМДАРМЕН ТОЛЫҚТЫРЫЛДЫ;:

►18 ЖАСҚА ДЕЙІНГІ МҮГЕДЕК БАЛАҒА КҮТІМ ЖАСАЙТЫН, ЖҰМЫС ІСТЕМЕЙТІН АДАМДАР

оқуды аяқтаған айдан кейінгі күнтізбелік үш ай ішінде ЖОО-ларда, ТжУҰ-да, ОБҰ-да, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі ұйымдарда КҮНДІЗГІ ОҚУ НЫСАНЫНДА ОҚЫТУДЫ АЯҚТАҒАН АДАМДАР

ЖҰМЫС ІСТЕМЕЙТІН ОРАЛМАНДАР (тіркелген күнінен бастап 1 жыл ішінде)

ҚР АУМАҒЫНДА ТҰРАҚТЫ ТҰРАТЫН ШЕТЕЛДІКТЕР МЕН АЗАМАТТЫҒЫ ЖОҚ АДАМДАР (Заңның 26-бабының                   1-тармағында көзделген адамдар санаттары бойынша: балалар, зейнеткерлер, мүгедектер, студенттер және басқалар)

Return to Top ▲Return to Top ▲