статья акжаик

Туберкулездің алдын алу

0 Комментариев

Облыс бойынша 2016 жылдың  24 ақпанынан — 24 наурыз аралығында «Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күні (24 наурыз) және оған орайластырылған айлық» өткелі жатыр.

Туберкулез – адам ағзасына туберкулез таяқшаларының енуінен пайда болатын инфекциялық  ауру. Туберкулезге тыныс ағзасы — өкпе жиі шалдығады. Сондай-ақ сирек те болса туберкулезге ми, ми қабықшасы, сүйек, буын,  лимфа бездері, бүйрек, жыныс ағзалары, көз, ішек және басқа да ағзалар мен мүшелер зақымдалуы мүмкін. Туберкулез ауруы ауа-тамшы жолымен (жөтелген, түшкірген, сөйлеген кезде); жанасу-тұрмыстық жолмен (зақымданған тері және шырышты  арқылы); туберкулезбен ауырған малдан алынған азық-түлік өнімдерінен (сүт, ірімшік, қаймақ) жұғады. Туберкулез ауруына кез келген адам душар болуы мүмкін, әсіресе балалар мен егде жастағылар үшін өте қауіпті. Микобактерия  10 күн бойы дала шаңында,  кітап беттерінде 3 айға дейін, суда  150 күн сақталады. Ультракүлгін сәулелерімен сәулелендіру: туберкулез таяқшаларын 2-3 минуттан кейін; Шашыраңқы жарық кезінде    1-1,5 айда; Тура күн көзі –   1-1,5 сағатта туберкулез таяқшаларын жояды.

Туберкулез ауруының белгілері: жөтел, әлсіздік, дене қызуының көтерілуі, кеуде тұсының ауыруы, тәбеттің, салмақтың, жұмысқа деген қабілеттің төмендеуі. Бұл белгілердің бәрі үдеп күшейе түссе, науқас қан түкіруі мүмкін. Жөтел – туберкулезге тән ең алғашқы белгілердің бірі. Егер жөтел 3 аптадан артық созылса, міндетті түрде медициналық мекемеге барып, дәрігерге қаралып, туберкулез ауруына тексерілу керек. Туберкулезді рентген арқылы, яғни рентгенография, флюорография жасап анықтауға болады. Бүгінде туберкулезге шалдыққандардың басым көпшілігін аурудан толық айықтыруға болатыны дәлелденген. Емдеу мерзімі ұзақ, кем дегенде 6-8 айға созылады. Егер ауруды анықтау, емдеу жұмыстары дұрыс ұйымдастырылып қадағалау арқылы үзіліссіз жүргізілсе, туберкулезбен ауырғандар бұл аурудан толық жазылады.

Туберкулезден сақтану жолдары: Екпе жасаңыздар;  Әрдайым дене шынықтыру және спортпен айналысыңыз; Қоғамдық және жеке гигиенаны сақтаңыз; Тиімді тамақтаныңыз; Таза ауада көп уақыт болыңыз. Өздеріңіздің денсаулықтарыңызға қамқор және сақ болыңыздар!

ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН! Туберкулез емделеді. Диагностика және емдеу–ТЕГІН.

Ақжайық  Әлімжанова,

 «Солтүстік Қазақстан Облысы бойынша

салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» ЖШС  

валеологы           

 статья акжаик

 

 

 

 

 

Return to Top ▲Return to Top ▲