astma1

Балаларда бронх демікпесінің пайда болу себептері

0 Комментариев

Балалар жасындағы ең көп таралған аурулардың бірі бронх демікпесі болып табылады. Онымен балалардың 5-тен 10% зардап шегеді.

Бугінгі кезде дәрігерлер балалардағы бронх демікпесін созылмалы аурулардың түріне жатқызады. Бұрындары Ежелгі Грецияда көбіне көп әйелдердің демікпемен зардап шегетіндігін, ерлердің одан қайтыс болатындығын, ал бала жаста одан емделугн болатындығын байқаған болатын. Бронх демікпесі тұқым қуалаушылыққа бейім аурулар қатарына жатады.

Үй шаңының кенелері және жануарлар
Қазіргі кезде көптеген балаларда бронх демікпесімен аурудың басталуы үй шаңының әсеріне байланысты екендігі жақсы белгілі. Балалардың 70% жуығы бұл аллергенге сезімтал келеді.
Үй шаңы – бұл мақта талшықтары, целлюлозалар, малдың жүні және өңездер ұрығының күрделі қоспалары. Үй шаңының негізгі құрауышы көзге көрінбейтін кенелер болып табылады. Олар кілемдерде, жиһаздарда, жұмсақ ойыншықтарда, және де драп маталарда, төсек-орындарда болуы мүмкін.
Үй шаңы кенесіне сезімталдығы бар аурулардың тұншығу ұстамасы көбіне тәуліктің түн мезгілінде немесе таңертен ерте ұстайды. Ұзақ түрде жөтелу төсек салып жатқанда да болуы мумкін.
Бронх демікпесі дамуының басқа да себептері жүн, қайыз, әр түрлі жануарлардың (мысықтар, иттер, атжалмандар, теңіз шошқалары және тағы басқа да кеміргіштердің) сілекейлері болуы мүмкін.
Мысықтың сілекейінің құрамындағы, жүніндегі және қайызғағындығы аллергендер барлық жануарларда болатын аллергендерден күшті, өкпеге терең ене алатын қасиеті бар және ерекше тұрақтылыққа ие.
Иттердің аллергені (жүні, сілекейі және қайызғағы) итті үйден қуып жібергеннің өзінде бірнеше ай бойына өзінің жоғары деңгейің сақтап қалу мүмкіндігі бар.
Тұншығу ұстамасы таралуының себептері сонымен бірге жылқвнвң қайызы, аквариум балықтарының құрғақ жемі, сонымен бірге жәндіктер, әсіресе тарақандар болып табылады.

Тозаңдар мен өңездер
Бронх демікпесі дамуының қателі себептері ауада, кондиционерде, ылғалды қараңғы бөлмелерге болатын қара күйелер. Қыс айында далада демікпемін ауыратын балалар үшін қара күйе проблемасы болмайды.
Қара күйе саңырауқұлақтары ауада мамыр айынан бастап шілде немесе тамыз айларында өте күшті көбейеді. Өкінішке орай қара күйе саңырауқұлуқтары уйде де болады, олар көптеген тағамдардың құрамында (ұзақ тұрған сүтсірнеде, сырада, тұздалған көкөністерде, айранда, аққайнарда, кепкен жемістерде, ащыған қамырдан жасалған өнімдерде, тұрып қалған нанда) болады.
Кейбір балалар үшін ең жаманы көктемде басталады. Оларда гүлдейтін өсімдіктер тозаңына тұншығу басталады. Қайын, қандыағаш, қайын тектес бұта, үйеңкі, шетен, талшын, тал, терек және басқа да ағаштар жаппай буршік жара бастаған кезде мұндай көктем тасқынынан алысырақ болған дұрыс.
Жазда басқа аллергендер пайда болады барлығы географиялық климат аймағына және өсімдіктердің гүлдеу мерзіміне байланысты. Көптеген өсімдіктердің тозаңы сондай жеңіл, ауада ұшып жүреді және тыныс жолдарына кедергісіз өнеді.

Қоршаған орта және дәрілер
Бірқатар балалара тұншығу ұстамасын антибиотиктер әсіресе, пенисилиндер қатарындағылар және макролидтер, сульфаниламидтер, витаминдер, аспирин секілді дәрілік заттар тудыруы мумкін. Сонымен бірге балаға дәріні қабылдау иміндетті емес, фармацевтік кәсіпорынға жақындаудың өзі жеткілікті.
Соңғы кездері бронх демікпесі ауруының айтарлықтай белгіленген шарада өсуі қоршаған ортаның ластануына байланысты.
Жаңа кұрылыс технологиялары (жарықтандыру көп, табиғи желдету аз, қазіргі заманғы әрлеу материалдарын пайдалану, жылыту және ылғандандыру технологиялары) тұрғын үйлердегі ауаның сапасын өзгертті және оның тыныс жүйелеріне теріс әсер етуін ұлғайтты.
Және қорытындысында психологиялық кезең. Балалардағы бронх демікпесінің күшеюін тұлғалық жүктемелер, эмоционалдық күйзелістер, жылау, күлу, ауа райының күрт өзгерүі, бояу, дезодорант, парфюмерлік заттардың өткір исі және де темекі түтіні тудырады.
Ата-аналары темекі шегетін демікпесі бар балаларда демікпеге қарсы дәрілік зат қабылдауды талап ететін аурудың өршуі жиі болады.
Баланың ауруының ауырлығы ата-аналарының күнделікті қанша темекі шегумен тура байланысты екендігі анықталған.
Егер отбасында ата-аналар немесе басқа туыстар темекі шексе баланың тыныс алу қиындығының ұстамасы 1 айлық кезінен бастап-ақ дамуы мүмкін.
Сонымен, бронх демікпесі бұл генетикалық және сыртқы орта факторлары әсерлерімен тығыз байланысты дамитын ауру. Бронх демікпесін тудыратын себепті анықтау, емдеу тиімділігін маңызды турде арттырады.

Return to Top ▲Return to Top ▲