uhod-za-molocnimi-zelezami

Әйелдердің денсаулығын сақтайық!

0 Комментариев

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасындағы іс-шаралар жоспарының аясында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығының (СӨСҚПҰО) ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің жетекшілігімен республика өңірлерінде 2015 жылғы12-21 қазан аралығында Дүниежүзілік сүт безі обыры жөнінде ақпараттылық күні шеңберінде әйелдердің денсаулығын сақтау бойынша онкүндік өткізіледі.

Әлемде әйелдер арасында ең көп таралған ауру сүт безі обыры, оған әйелдер арасында обырмен ауыру оқиғасының 16%-ы тиесілі, аурушаңдылық өмір сүру ұзақтығының өсуіне, қалалану мен заманауи өмір салтын ұстануға байланысты өсіп отыр. Жыл сайын әлемде 1,38 миллионға жуық адамнан сүт безі обырын анықтап, 458 000-гежуық оқиға өліммен аяқталады (ОЗХА, Globocan, 2008 ж.).
Сүт безінің жиі кездесетін ауруы мастопатия, жылауық, қатерсіз ісік болып табылады, олар сүт безі обырының дамуының себебі болуы мүмкін. Сонымен, ауруды емдеу тәсілі мен ем нәтижесі тікелей байлынысты болғандықтан ерте және сапалы диагностикаға ерекше мән беріледі.
Сүт безі обырын ерте анықтау стратегиясы алғашқы белгілеріне қатысты хабарлылықты және медицина ұйымдарында сүт безін клиникалық тексеру арқылы скринингтен міндетті өтуді қамтамасыз ету болып табылады.
Обырдан болатын өлім-жітімнің үштен бірі дене салмағы индексінің жоғары болуы, жемістер мен көкөністерді жеткіліксіз тұтыну, дене белсенділігінің жоқтығы, темекі мен алкогольді тұтыну секілді мінез-құлық пен тамақтануға байланысты басты қауіп-қатер факторларының салдарынан орын алады.
Темекіні тұтыну обырдың дамуының ең елеулі қауіпті фактордың бірі болып табылады, ол обыр салдарынан 20% ғаламдық өлім-жітімге және өкпе обырынан шамамен 70% ғаламдық өлім-жітім оқиғасына әкеп соғады.Онкологиялық аурулардың алдын алу стратегиясы мінез-құлықтық қауіпті факторларының (жемістер мен көкөністерді жеткіліксіз тұтыну, дене белсенділігінің жоқтығы, темекі мен алкогольді тұтынудың) адамныңағзасына әсерінің алдын алу;адамдағы папиллома вирусы (HPV) тудыратын инфекцияларға қарсы вакцинациялау;жұмыс орындарында денсаулыққа зиянды және қауіпті әсер ететін факторларды бақылау болып табылады.
Сүт безі обырының ерте анықталып және сүт безі обырын емдеуге тиісті диагностика болғанда емдеу мүмкіндігі жоғары болады. Дегенмен емдеуді кеш бастағанда жиі тиімсіз болады. Анықталған ауруды 1-сатысында емдеу пайызы 91-93%-ды, 2-сатысында 80%, 3-сатысында -50%-ды құрайды.
Ауруды ерте диагностикалау мен дер кезінде емді бастау әйелдердің денсаулығын сақтаудың кепілі.

Return to Top ▲Return to Top ▲