Қазіргі кезде көпшілігіміз қорқорды зиынсыз ермек деп санаймыз. Қорқордың денсаулыққа зияны жоқ, ал сулы сүзгіші түтіннің токсиндерін тазартады деп алданбау керек!
Қорқор – бұл улардың, қарамайдың, канцерогендер мен бактериялардың өте зиянды қоспаларын адам ағзасына тез жеткізетін «сәнді» аппарат.
Қорқор түтінінің улылығы сигарет түтінінен бірнеше есе жоғары, оның құрамында қара май мөлшері — 36 есе, көміртек монототығы — 30 есе, улы иісті газ — 8,4 есе, никотин -7,5 есе жоғары. Британия дәрігерлері қорқордың бір мәзірін шегілген 100 темекіге теңестірген.
• Темекінің кез-келген ін, оның ішінде қорқорға арналғанында да никотин болады. Қорқордың бір толтырымында 6,25 мг, темекіде- 0,8 мг никотин болады. Қорқорды тартуды енді бастағандарда никотинге тәуелділікке душар болады.
• Қорқор тартатын адам сигарет шегетіндерге қарағанда 14 есе көп түтінді иіскеп, бойына сіңіреді. Әр кезде осы улы иісті газдың көп мөлшері өкпеге сіңеді.
• Қорқор тартушының ағзасындағы улы иісті газ ауқымды көлемде оттегі тапшылығын туындатып, темекі шегушінікі сияқты мидың, жүректің, бауыр мен бүйректің жасушаларын зақымдайды.
• Қорқорға арналған шегу қоспаларының қалай әзірлейтінін көбінесе ешкім тексермейді. Оған есірткі қосатын жағдайларда жиі орын алады, бұл қорқордың зиянды әсерін күшейте түседі.
• Қорқордағы көмір 600-650 градусқа дейін қызады, ал түтінмен бірге қорқор тартушының өкпесіне никотинмен қатар бензопирен өкпе обырын тудыратын және ДНК мутациясына төзімді тұқым қуалаушылықпен берілуге икемді канцероген сияқты қауіпті заттар да сіңіріледі.
• Қорқор түтіні қорқор тартушының қанына канцерогендерді (обырды тудыратын заттар) мен, өкпе тінін зақымдайтын ұшпалы альдегидтерді тікелей «жеткізеді». Шылым түтінімен салыстырғанда, қорқор түтінінің құрамында бензопиреннің 75,6 есе және ди-бензопиреннің 245 есе жоғары екені анықталған.
• Улылығының жоғары болуына байланысты, қорқор тартушылардың өкпе обырымен сырқаттану қаупі 2 есе, респираторлық аурулар мен риниттер 2,3 емсе альвеолит 3,7 есе, ерлердің белсіздігі 2,5 есе, остеопороз бен ауыз қуысы патологиясы 3,5 есе жоғары болады.
• Пассивті темекі шегу қорқор үшін де өзекті. Қорқор тартылатын бөлмеде темекі түтіні мен жанған көмірдің түтіні тұнып тұрады, бұл топтағы темекі шекпейтін адамдарға қосымша зиян келтіреді. Қорқор тартылатын бөлменің ішінде болу 100-ден 200 дейін шегілген сигареттің зиянына бара-бар болады.
• Қорқор сұйығында ауыз құысының инфекциялық ауруларын — гингвивиттер, пародонтоз бен ойық жараларды туындайтын бактериялар жиналады. Бірреттік түтікшілер құтқармайды, өйткені бактериялар қорқордың түтігінде де, қуысында да «тіршілік етеді». Қорқорды тарту кезінде түтікшені бір-біріне ұсыну дәстүрі «А» гепатит, туберкулез, ұшық сияқты инфекциялар мен басқа да вирустық аурулардың тарауына ықпал етеді. Қорқордың зияны мұндай жағдайларда аса қауіптіболады.
ЕСКЕРТЕМІЗ: ҚОРҚОР – БҰЛ УЛАРДЫҢ, КАНЦЕРОГЕНДЕР МЕН БАКТЕРИЯЛАРДЫҢ «СӘНДІ» ҚОСПАСЫ. ОСЫНЫ ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ ӘРІ ӨЗІҢІЗДІ ҚОРҒАҢЫЗ!