ҚҰФ: дәрі-дәрмектер туралы шындық

0 Комментариев

http://sko-zozh.kz/wp-content/uploads/2017/08/ҚҰФ-дәрі-дәрмектер-туралы-шындық.jpgҚазіргі таңда дәрі — дәрмекпен қамтамасыз ету қоғамның және денсаулық сақтау жүйесінің күрделі әлеуметтік ауыртпалығы бола отырып, мемлекетке айтарлықтай мәселелер туғызатындығы анық. Жыл сайын ондаған жаңа дәрілік заттар пайда болады. Қандай да бір аурудан кезекті «ғажайып-зат» сатып алуға итермелейтін жарнама, біздің әр қадамымызда орын алады. Осындай ақпарат көптігінен адамның, тіпті денсаулық сақтау саласының маманына дұрыс таңдау жасау қиындыққа түседі. Нақты осы мәселені шешу 2016-2019 жылдарына арналған денсаулық сақтауды дамытудың «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде құрылған, Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярға жүктелді. Жобаның бастаушысы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті болды. Ұлттық формулярды құрастыру бойынша жұмыстар өткен жылдан басталған. Нәтижесінде 2016 жылдың мамыр айында ҚҰФ пилоттық тәртіпте іске қосылды. Осылайша, Қазақстан ТМД елдерінің ішінде осындай ақпарат қорын құрастарған алғашқы елдің бірі болды.

ҚҰФ құрастыруға отындық мамандармен бірге Европа және Жаңа Зеландияның тәжірибелі фармакологтары тартылды. Отандық және шетелдік сарапшылардың бірауыздан айтқан пікірі бойынша, ҚҰФ — бұл дәрілік заттарды ұтымды пайдалану және, дәрілік заттарды тиімді, ұтымды сатып алу есебінен бір мезгілде, бюджеттік қаражатты үнемдеуге мүмкіндік беретін бірегей жоба болып табылады.

«Қазақстандық ұлттық дәрілік формуляр» келесідей өршіл мақсаттары бар: тек жаңа білім қорларымен қамтамасыз ету ғана емес, сонымен қатар барлық формулярлық жүйені нығайтуға және тек дәлелденген тиімділігі бар дәрілік заттарды пайдалануға мүмкіндік беретін алғашқы формуляр. «ҚҰФ қазіргі таңда Орталық Азия, және бәлкім, бүкіл әлем бойынша дәлелді ақпараттың жетекші көзі болып табылады»,- деп формулярлардың ең үздік әлемдік үлгісі ретінде танылған, Британдық ұлттық дәрілік формулярының экс- директоры Дункан Энрайт санайды.

ҚҰФ құрылымы ДДСҰ АТХ жіктелуі бойынша құрастырылған. Препарат туралы барлық қажетті деректер бір бетте орналастырылған. Ұлттық формуляр тек дәрігерлерге ғана емес, сонымен қатар жалпы халық үшін онлайн тәртіпте www.knf.kz сайтында мемлекеттік және орыс тілінде қолжетімді.

ҚҰФ құрастыруда фармакотерапия жүргізудің озық әлемдің тәжірибесі қолданды. Медикаменттерге бағалардың шекті деңгейлері көрсетілуіне байланысты, ҚҰФ әр азаматқа оның әлеуметтік мәртебесі және табысына байланыссыз тиімді дәрілік көмектің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Формулярдың жүйелі жаңартылуы медицина қызметкерлеріне препараттар туралы, оларды тәжірибеде қолданылуы жайлы деректер алуға, мамандар біліктілігін тұрақты арттыруға және ұтымды фармакотерапия саласында білімін жетілдіруге септігін тигізеді.

Шын мәнінде, дәрілік формуляр- елдің клиникалық медицина бағыттарының жетекші мамандарымен және денсаулық сақтау және дәрілік заттар саласындағы уәкілетті органдармен келісілген, клиникалық тәжірибеде қолданылатын дәрілік препараттардың оңтайлы тізімі. ҚҰФ қолданылатын дәрі- дәрмектер номенклатурасын оңтайландырады, стационар және амбулаториялық деңгейде терапия бірізділігін қамтамасыз етеді деп есептеуге барлық негіз бар.

Қазақстандық Ұлттық Дәрілік Формулярмен қалай қолдануға болады

ҚҰФ тегін қор болып табылады. Іздестіру көмегімен дәрілік препаратқа бекітілген атауынан, қолдану тәсілі және дозасынан, сақтық шараларынан, қолдануға болмайтын жағдайларынан, дәрілермен өзара әрекеттесуі, бауыр және бүйрек жеткіліксіздігі кезіндегі қолдану тәсілінен, жүктілік және бала емізу кезінде препаратты қолдану жөніндегі ескертпелерден, сонымен бірге жанама әсерлерінен тұратын монография табуға болады. ҚҰФ тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі шекті бағалары бар саудалық атаулары көрсетілген дәрілік заттардың халықаралық патенттелмеген атауларынан құрылған. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің м.а. 2016 жылғы 15 шілдеде № 622 бұйрығымен бекітілген дәрілік заттар тізімі – бұл бөлінген бюджет қаражаттарын ескере отырып тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік қамтамасыз ету үшін Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярынан алынған дәрілік заттар тізімі. Дәрілік заттар Анатомиялық- терапиялық- химиялық (АТХ) жіктелуіне сәйкес келтірілген. Монографияларда Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының деректер қорына сілтемелер бар. Дәрілік заттардың топтарының сипаттамасы қолданушыларға фармакологиялық топқа препараттың тиістілігі туралы жалпы түсінік және топ ішіндегі дәрілік заттардың маңызды айырмашылықтары туралы қосымша ақпарат береді. Сіз шешімдер қабылдауда Қазақстан Республикасындағы дәрілік заттар туралы дәлелді

медициналық ақпарат көзі ретінде ҚҰФ сенім артуыңызға болады. ҚҰФ жұмысын жақсартуға арналған барлық ұсыныстарыңызды knf@rcrz.kz электрондық мекенжайға жіберулеріңізді сұраймыз.

Құрметпен «ҚҰФ» Редакциясы

Return to Top ▲Return to Top ▲